Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогының биылғы жүлдегерлері анықталды

inform.kz

Шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогының биылғы жүлдегерлері анықталды

Бұл үшінші турдағы «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Автомобилист» (Екатеринбург) кездесуінен кейін белгілі болды. Нижнекамск клубы қарсыласын 4:3 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде небәрі 2 ұпай жинаған олар турнир кестесінде төртінші орынды қанағат тұтты. Ал «Автомобилист» 3 ұпаймен әзірге екінші орында келеді. Турнир жеңімпазы бүгін елордалық «Барыс» және «Металлург» (Магнитогорск) кездесуінен кейін белгілі болады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қазірге дейін «Барыс» екі ойын өткізді. Алдымен «Автомобилистке» 3:4 есебімен жол беріп, одан кейін «Нефтехимикті» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал екі мәрте жеңіске жеткен «Металлург» 4 ұпаймен көш басында тұр. Аталған турнир 2010 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024