Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Биыл 8800 нысанда мүгедек жандарға арналған пандус мәселесі шешіледі

inform.kz

Биыл 8800 нысанда мүгедек жандарға арналған пандус мәселесі шешіледі

«Еліміздегі пандус мәселесін шеше аламыз. Әрине, өзекті мәселе. 2015-2018 жылдар аралығында қоғамда мүгедек жандардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге қатысты ауқымды шара өткіздік. Ол шаруаға мүгедек жандар да тартылды. Аталған шара аясында 30 мыңға жуық мекеменің мәселесі шешілді. Олардың дені әлеуметтік мекемелер, яғни дүкен, дәріхана, жұмыспен қамту орталығы және тағы басқа. Пандемияға байланысты соңғы 2 жыл бойы аталған мәселе бойынша бақылау бәсеңдеп кетті. Жуырда Атырау, Тараз қаласында болып, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, мүгедектерге жағдай жасау мәселесін көтердік. Қоғам белсенділері біраз жайтты көтеріп, ұсыныстарын айтты», - деді Тамара Дүйсенова «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында болған «Жедел желі» бағдарламасының эфирінде. Министрдің айтуынша, биылдан бастап қоғамда мүгедек жандарға жағдай жасау мәселесі қайта қолға алынады. «Бізде арнайы жол картасы бар. Соған сәйкес биыл жоспар бойынша 8800 нысанда мүгедек жандардың қозғалысына жағдай жасалуы тиіс. Сонымен қатар бұл шаруаға жергілікті әкімдіктер және жеке мекелердің де жауапкершілігі бар», - дейді ол. Бұған дейін ведомство басшысы елімізде «Яндекс Такси» жүргізушілеріне әлеуметтік жарна төленетіні туралы хабарлаған еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024