Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда «Яндекс Такси» жүргізушілеріне әлеуметтік жарна төленеді

inform.kz

Қазақстанда «Яндекс Такси» жүргізушілеріне әлеуметтік жарна төленеді

«Біз әлеуметтік кодекске фрилансерлердің еңбек құқығын қорғауға қатысты өзгерістер енгіздік. Әлеуметтік кодекске сәйкес азаматтар күніне 8, аптасына 40 сағат жұмыс істеуі тиіс. Бұл жерде әңгіме толыққанды жұмыс істейтін азаматтарға қатысты. Ал енді фриланс болып немесе негізгі жұмысынан кейін қосымша еңбектенетін жұмысшылардың құқығы әлі күнге дейін заң арқылы реттелмеген. Мен жақында ғана еліміздегі 8 ірі онлайн платформаның басшыларымен кездесу өткіздім. Сол кезде басшылардан жұмысшылар төтенше және жазатайым жағдайға ұшырап қалса, қандай сақтандыру қарастырылған дегенде, ешқандай сақтандыру жоқ деген жауап алдым», - деді Тамара Дүйсенова «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында болған «Жедел желі» бағдарламасының эфирінде. Министр келтірген мәліметке сәйкес бүгінде түрлі онлайн платформаларда 500 мыңнан астам отандасымыз жұмыс істеп жатыр. «Кеше ғана цифрлық даму министрі Бағдат Мусинмен бірге «Яндекс Такси»-дің басшылығымен кездестік. Сол кездесуде такси жүргізушілеріне әлеуметтік жарна төлеу жөнінде келісімге келдік», - дейді ведомство басшысы.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024