Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбе облысында шалғай ауылға газ тартылды

inform.kz

Ақтөбе облысында шалғай ауылға газ тартылды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қобда ауылына жұмыс сапары кезінде Жаңаталап ауылына газ келуіне орай өткен салтанатты шараға қатысты. «Бұл аудан үшін және жалпы Ақтөбе облысы үшін маңызды әрі айтулы оқиға. Тіпті шағын ауылдардың өзін газдандыру Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және әл-ауқатын арттыру, ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау арқасында мүмкін болды. Табиғи газдың келуімен өмір жеңілдеп, ауылдың дамуына жаңа серпін береді деп сенемін. Жыл соңына дейін облыста тағы екі елді мекен газдандырылады», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин. Ұзындығы 11 шақырымды құрайтын газ құбырын тартуға бюджеттен 268,1 миллион теңге бөлінді. 103 үй мен үш әлеуметтік нысанның тұрғындары табиғи газ өткізу мүмкіндігіне ие болды. Оңдасын Оразалин Жаңаталап тұрғындарымен әңгімелесті, кейін ауылдың жаңа спорт алаңын аралап көрді. Құны 7 миллион теңге болатын тағы бір спорт алаңы Бегалы ауылында бой көтерген. Қаржы ауылдық округ бюджетінен бөлінген. Облыс әкімі елді мекенге кіретін 1,7 шақырым жолды жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігер жұмысты қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, Қобда ауданында биыл аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 1,2 млрд теңге жіберілді. Бестау, Бегалы және Терісаққан ауылдарына кіретін жаңа жолдар салынып, «И.Білтабанов- Қобда-Сарыбұлақ» жолының 13,8 шақырымы жөнделеді. Жұмыс келесі жылы жалғасады. Сонымен бірге Қызылжар, Жарық, Сарыбұлақ және Өтек ауылдарына кіретін жолдарды жаңарту жоспарланған. Облыс әкімі жұмысты жаңа оқу жылының басына қарай аяқтауды тапсырды. «Балалар таза жаяу жолмен жүретін болсын»,- деп тапсырды Оңдасын Оразалин.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024