Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің жартылай финалына өте алмады

inform.kz

Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің жартылай финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 24-орында тұрған америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты. Қарсыластар бұған дейін биыл мамырда Ролан Гаррос жарысында жолығысып, америкалық спортшы жеңіске жеткен еді. Цинциннатиде М.Киз әуелі Юлия Путинцеваны жолдан тайдырып, үшінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентектің сағын сындырған еді. М.Киз бұл кездесуде бірінші партияда қос брейкпен басымдылық көрсетті – 6:2. Ол екінші сетте де 5:2 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Е.Рыбакина брейк жасап, есепті қысқартты. Бірақ Мэдисон екінші рет матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4. Сағат жарымға созылған бәсеке барысында М.Киз 2 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Е.Рыбакина әдетте көп эйс жасайтын еді. Бұл матчта бір-ақ эйспен шектеліп, 5 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. М.Киз финалға шығу үшін чехиялық Петра Квитова немесе аустралиялық Айла Томляновичтің біреуімен таласады. Жалпы, Елена Рыбакина үшін Цинциннати додасы сәтсіз болған жоқ. Алғаш рет ширек финалға дейін жетті. Ендігі мақсат – АҚШ ашық чемпионатында табысты өнер көрсету. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның алғаш рет Цинциннати турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Анна Данилина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024