Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырау тұрғыны 3 келіден астам бекіре уылдырығымен ұсталды

inform.kz

Атырау тұрғыны 3 келіден астам бекіре уылдырығымен ұсталды

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бекіре уылдырығын заңсыз сақтаған тұрғын Қараөзек ауылында ұсталған. «Бекіре тұқымдас бағалы балықтар қорына заңсыз қол сұғушылыққа қарсы «Бекіре – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау қалалық полиция басқармасы мен №1 қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері 34 жастағы тұрғынды ұстады. Одан бағалы бекіре тұқымдас балықтың 3 келіден астам уылдырығы тәркіленді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Бұдан бұрын Атырауда браконьерлерге қатысты 144 іс сотқа жолданған еді. Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Темірхан Оңайбаевтың мәліметіне сүйенсек, биылғы 6 айда балық қорғау заңнамасы талабын бұзудың 1 165 фактісі анықталған. Осыған байланысты 649 адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Ал 505 хаттамаға қатысты іс аумақтық уәкілетті органда қаралса, 144 іс әкімшілік сотқа жолданды. Фото: polisia.kz
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024