Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мемлекеттік туды тасқынды судан алып шыққан полицейдің лауазымы өсті

inform.kz

Мемлекеттік туды тасқынды судан алып шыққан полицейдің лауазымы өсті

Өткен жылдың желтоқсан айында Мақтаарал ауданында су тасқыны болып, полиция майоры Есімжан Нәдіров суық суды белуардан кешіп, Мемлекеттік туды аса ұқыптылықпен тасқын ортасынан алып шыққан болатын. Бұл көрініс видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшілікті тәнті еткен еді. Полиция майоры Есімжан Үсенбекұлы Нәдіров ішкі істер органдарында 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді. Білімі жоғары, заңгер. 2011 жылы ҚР ІІМ Алматы Академиясын бітірген. Еңбек жолын Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасында тергеушісі болып бастаған. Кейінгі жылдары Мақтаарал ауданында тергеуші, аға тергеуші, анықтау бөлімінің бастығы, көші-қон полициясы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бері Жетісай ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары болды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024