Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Германия канцлері Олаф Шольцтың рейтингі мейлінше құлдырады

azattyq.org

Германия канцлері Олаф Шольцтың рейтингі мейлінше құлдырады

Германия канцлері Олаф Шольц пен коалициялық үкіметтің рейтингі барынша құлдырады. Бұл жөнінде Insa әлеуметтану институтының мәліметтеріне сүйенген DW хабарлады.21 тамызда жарияланған сауалнама нәтижесіне қарағанда, немістердің үштен екісіне жуығы Шольцтың жұмысына қанағаттанбайды.Басқарушы коалициялық үкімет рейтингі де бұрын-соңды болмаған деңгейде құлаған. Сұрау салынғандардың 65 пайызы федералды үкіметтің жұмысына қанағаттанбайтынын білдірген. Тек 27 пайызы ғана құптаған, бірақ бұл наурыз айындағы дәл осындай сауалнама кезіндегі көрсеткіштен 17 пайыз аз."Сауалнама қорытындысына қарағанда, дәл қазір канцлер сайлауы өте қалса, Олаф Шольц тек үшінші орын алар еді" дейді DW. Бірінші орынға "жасылдардың" өкілі, экономика министрі Роберт Хабек, екінші орынға христиан-демократиялық одақ төрағасы Фридрих Мерц шығар еді.63 жастағы Олаф Шольц 2021 жылы желтоқсанда Германия федералды канцлері болып сайланған. Оны бундестагтың 395 депутаты қолдаған. Олаф Шольц 16 жыл үздіксіз үкімет басшысы болған Ангела Меркельдің орнына келген еді.Шольц канцлер болғанға дейін Германия үкіметінде еңбек министрі болып екі жыл жұмыс істеген. 2018 жылдың наурызынан бастап Германия қаржы министрі және вице-канцлер қызметін атқарған.Украинада соғыс басталған соң Еуропада электр қуатының бағасы еселеп өскен. Германияда электр құны көтерме саудада алты есе қымбаттаған. Бұған Ресейден келетін газдың шектелгені ғана емес, Еуропадағы айрықша ыстық та әсер еткен.Латвия, Литва, Польша, Чехия және Эстония секілді Еуропа одағының кей елдерінің басшыларына қарағанда, Германия канцлері Ресейге сәл жұмсақ саясат ұстанып, 15 тамызда Ресей азаматтарына виза беруді күрт қатаңдатуға қарсы екенін білдірген. Шольц мұны Путин режимінен қашып, Еуропаға кеткісі келетіндерге қатер төндіреді деп түсіндірген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар