Президент АҚШ Конгресінің делегациясын қабылдады
Конгрессмендер Джеймс Панетта және Томас Суоццимен кездесуде қазақ-америка қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. АҚШ Конгресіндегі Қазақстанның достары тобының қызметі аясында парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы АҚШ конгрессмендерінің сапары парламенттік дипломатияны ілгерілету тұрғысынан маңызды деп атап өтті. Сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңілі толатынын жеткізді. Президент конгрессмендерге елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыты туралы айтып берді. Өз кезегінде конгрессмендер Мемлекет басшысына кездесу үшін алғыс айтып, Президенттің ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы бастамаларын жоғары бағалады.
- Соңғы
- Қараша, 17
-
-
- Қараша, 14
-
-
-
- Қараша, 13
-
- Қараша, 12
-
-
-
- Қараша, 11
-
- Қараша, 10
-
- Қараша, 07
-
- Қараша, 05
-
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
19 қараша 2025
19 қараша 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар