Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Бірдеңені жемеші, а!": Танымал журналист Балтабектің сайлауға арнаған кезекті өлеңін сынға алды

kaz.caravan.kz

Бірдеңені жемеші, а!: Танымал журналист Балтабектің сайлауға арнаған кезекті өлеңін сынға алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қайнар Олжайдың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. Қайнар Олжай ақынды Қожанасыр туралы әзіл әңгімемен түйріеп алды. "Қожанасыр қарашаның 20-сы күніне қарай кемпірдің шайы, есегінің жемі таусыларын, өзінің қыстық етігі енді киюге келмей тозғанын ойлап тұр еді. Сопаң етіп көршісі шыға келді. Екі езуі екі құлағында. -Қожеке, мына өлеңді тыңдаңызшы,- деп аңыратып қоя берді. Балтабектің алдағы сайлау туралы өлеңін оқыған соң көршісі: -Керемет, керемет қой,- деп тамсанды. -Әй, мұның қай жері керемет сонда?- деп сұрады «есегімнің естісін-ай» дегеннен басқаны өлең қатарына қоспайтын Қожанасыр. -Ой-бой, Қожеке, қарасаңызшы. «Жиырмасыншы қараша» дегенге қаншама тың ұйқас тапқанын,- деп өзеуреді көрші. -Әй, бір ұйқас ұмыт қалыпты,- деді шайдың таусылғаны, жемнің қымбаттағаны және етіктің жыртығы ойынан шықпай тұрған Қожанасыр. -Ол қандай ұйқас?- деп ынтыға сұрайды көрші. -Бірдеңені жемеші, а!", деп жазды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024