Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді - Президент
«Бізде ешқандай дағдарыс жоқ, дүрбелең де жоқ. Үкімет өз жұмысын атқаруы керек. Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі», - деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Ал олардың к өпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр. «Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені мен Үкіметке тапсырдым», - деп атап өтті Президент. Ол Ресей тарапымен келіссөз жүргізіп, бұл түйткілдің ел мүддесіне сай шешілетініне сендірді. «Тағы да қайталап айтамын, осындай алмағайып кезеңде бізге, ең алдымен, береке-бірлік қажет. Елдің тыныштығын сақтай білсек, тұрақты дами аламыз. Барлық мәселені байыппен талқылап, ақылмен шешуіміз керек. Мен қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде және осы жолы киелі Түркістанда ата-бабаларымызға құран бағыштап, хандарымыздың рухына тағзым етіп, Алладан бір-ақ тілек тіледім. Ол – еліміздің амандығы және халқымыздың бірлігі», - деді Президент.
- Соңғы
- Қараша, 07
-
- Қараша, 05
-
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
-
-
- Қазан, 30
-
-
- Қазан, 29
-
- Қазан, 22
-
-
-
- Қазан, 21
-
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 17
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
8 қараша 2025
8 қараша 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар