Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Премьер-министр Әлихан Смайылов "Ресейден келгендердің еңбек мәселесі туралы" сөзін түсіндірді

azattyq.org

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ресейден келгендердің еңбек мәселесі туралы сөзін түсіндірді

Бүгін, 27 қазанда үкімет отырысын бастамай тұрып сөйлеген премьер-министр Әлихан Смайылов "бірінші кезекте Қазақстан азаматтарының мүддесін алға қоятынын" айтты. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады.Әлихан Смайыловтың кеше, 26 қыркүйекте "Қазақстанға келген Ресей азаматтарына көмек көрсету, оларды уақтылы тіркеу және Еуразия экономика одағының заңнамасына сай еңбек мәселесін шешуді реттеу керек" деген сөзі әлеуметтік желіде түрлі реакция тудырған.Желі қолданушылар арасында "Ресейден келгендерді жұмысқа орналастыруды көздейтін Әлихан Смайылов отставкаға кету" керек деген де пікір айтылған.- Үкімет отырысы басталардан бұрын айта кеткім келіп отыр, кеше кеңесте қарастырылған миграция мәселесі қоғамда түсініспеушілік туғызды. Осыған байланысты атап айтайын: шетел азаматтарына қызмет заң шеңберінде көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттемелерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін әрқашан есте ұстаймыз,- деді Әлихан Смайылов.Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы жағдайға байланысты ішінара мобилизациялау туралы жарлығынан кейін Ресейдің әскерге жарамды азаматтары жаппай шетелге кете бастаған. Ресейдің мыңдаған азаматы Қазақстанға да келген. Қазақстанның Ресеймен шекаралас облыстарында оларға түнейтін орын ұйымдастырылып, ас-су берілген. Ресейден келгендердің күрт көбеюіне байланысты қоғамда алаң пайда болған еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар