Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Путин 4 облыстың Ресейге қосылатынын жарияламақ

altyn-orda.kz

Путин 4 облыстың Ресейге қосылатынын жарияламақ

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы кей аумақтарды Ресейге қосу туралы мәлімдемені 30 қыркүйек күні парламент палаталарының алдында жасамақ. Бұл туралы бүгін британ барлаушылары мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Ведомости» газетінің дерегінше, Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон облысының Ресей басып алған бөліктері, Қырым Федералдық округіне түбектің өзімен бірге кіргізіліп, оны «Роскосмостың» бұрынғы жетекшісі Дмитрий Рогозин басқармақ. Бүгін аталған аймақтарда Ресейге қосылу туралы «референдум» аяқталып жатыр. Олардың ешқайсын Ресей әскері толық басып ала алмады. Соған қарамастан, Мәскеу дауыс беруге қатысқандардың саны, рекордтық деңгейге жеткенін айтып отыр. Украина президенті Владимир Зеленский болса, референдумннан кейін Кремльмен дипломатиялық келіссөздердің мүлде тоқтайтынын ескертті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар