Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Танымал кәсіпкермен Атырауда кездесу өтті

kznews.kz

Танымал кәсіпкермен Атырауда кездесу өтті

Іс-шараның мақсаты көтерілетін мәселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту. Күн тәртібінде жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, жастарының қордаланған мәселелері туралы кездесу болмақ. Іс-шара спикерлері «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ және кәсіп пен оқуда жетістікке жеткен, еңбекқор Қазақстанға белгілі тұлғалары мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерімен бөліседі. Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болады. Кездесуге барлық жастарды шақырамыз. Ұлттық руханият пен әлемдік өркениетті дамытуға үлес қосып, қолдау білдіруіңізді сұраймыз. Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында өтеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024