Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте «Белсенді ұзақ өмір орталығының» бөлімшесі ашылды

kz.otyrar.kz

Шымкентте «Белсенді ұзақ өмір орталығының» бөлімшесі ашылды

Сонымен қатар, қазақ, ағылшын және араб тілдерін меңгеруге мүмкіндік бар. Жалпы, қазіргі таңда Президенттің халықтың жағдайын жақсартуға қатысты берген тапсырмасы аясында жергілікті билік бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Жібек жолы 22/1 мекенжайында бой көтерген мекеменің ашылу салтанатына арнайы қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, зейнеткерлерге қандай жағдай жасалғанымен танысты.Қарттар күні қарсаңында жұмысын бастаған орталықта енді зейнеткерлер барлық қызмет түрін тегін ала алады. Денсаулықтарын тексерістен өткізіп, бос уақытын тиімді пайдаланады. Орталық басшысының айтуынша, мегаполистегі әр бөлімшенің өзіндік ерекшелігі бар. Мауия Алданазарова, «Белсенді ұзақ өмір» орталығының басшысы: «Орталықта 715-ке жуық қария өтіп жатыр. Қазіргі таңда 27 қызмет түрлері бар. Бұл қызмет түрлері әр бөлімшеде қайталанбайды. Мысалы орталықта физиатерапия бар болса, ашылған бірінші бөлімшеде тұзды кеніш, ерлердің еңбегі, арттерапия бар. Бүгін ашылған бөлімшенің айырмашылығы бассейн, инемен емдеу, садақ ату бар». 81 жастағы Жақсыбай Оңалбек бүгінге дейін Дулати көшесінде орналасқан «Белсенді ұзақ өмір» орталығының қызметін алып келген. Қария осындай мүмкіндік жасап жатқан шенділерге алғысын білдірді. Жақсыбай Оңалбек, Шымкент қаласының тұрғыны: «Ел қазынасы-қария деген. Қария бар жерде береке болады. Мына қаланың әкіміне, басшыларға рақмет. Әр жерде 4-5, 10 адам жиналып карта ойнап, арақ ішіп отырғаннан көрі, бәрін жинап осындай мекеме ашқаны керемет. Үш жерде ашылып жатыр. Бұл үлкен мереке». Жалпы бұл елімізде теңдесі жоқ бірегей жоба. Қазыналы қарттарға арналаған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ең алдымен Шымкент қаласында ашылған. Ал қазірде тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанның 7 өңірінде жұмыс істеп жатыр. Ұлт саулығын арттыруға барынша көңіл бөлуге Президент тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы жергілікті жерде орындалып жатқанының бір көрінісі осы. Мамандардың сөзінше бұл, мегаполистегі 83 мыңнан астам қариялар үшін жасалған жағдай. Балмаржан Нарбекова, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы: «Бұл қарияларымыздың бейнетінің, зейнетін көретін уақытында өздерінің замандастарымен, құрдастарымен уақыт уақыт өткізеді. Екіншіден бұл жерде дәрігерлік тексеру бар. Белсенді өмір сүру орталығы өзінің кезегімен халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсыру арқылы кезек-кезегімен қамтылуда. Бір келген азамат, 3 ай қызмет ала алады. Құжаттарын өткізеді, кезек-кезегімен ол кісілерді шақыртып қай филиалға баратынын айтып, жаңағыдай өзінің үйіне жақын жерге жайғастыруға тырысады». Орталықтың қызметін тегін алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына төмендегі құжаттарды алып бару қажет:1. Жеке куәлік және зейнеткерлік куәлік көшірмесі;2. Аумақтық дәрігерінен алған амбулаторлық картадан үзінді;3. Флюрография;4. Психдиспансерде және наркодиспансерде тұрмайтындығы туралы анықтама;5. Вакцинация;6. Құжат тігілетін мұқаба; Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі байланыс номеріне хабарласуға болады.Тел: 53-02-08, 8 705-220-15-00, 8 708-270-90-49
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024