Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістанда «Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпаздары марапатталды

kz.otyrar.kz

Түркістанда «Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпаздары марапатталды

Түркістанда «Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпаздары марапатталды. Жоба ел астанасынан бастау алған еді. Шабандоздар 1200 шақырымды атпен жүріп өтті. Марафон қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының командасы «Ұлы дала сарбазы» атағын жеңіп, бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, жүлделі орын алған 3 команда да ақшалай сертификатпен марапатталды. Бұл шабандоздар 1200 шақырым жолды артқа тастады. Олар бұл қашықтықы 12 күн жүріп өтті. Түркістан қаласында «Ұлы дала жорығы» марафонының жеңімпаздары марапатталды. Мерекелік рәсімге қатысқан мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев отандық спортта рөлі орасан жобаның барлық қазақстандық үшін де тарихи маңызды екенін атап өтті. Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі: «Бұл бұрын-соңды болмаған жарыс. Жоба шын мәнінде біздің спорт үшін және ұлттық мәдениеттің жандануындағы бірегей, тарихи оқиға болды. Бәйгенің барлық қатысушыларына алғыс айтамын, болашақта біз ұлттық рухты нығайтуға ықпал ететін жобаларды қолдаймыз». Мәре сызығын Маңғыстау облысының құрама командасы ең қысқа уақытта кесіп өтті. Бас жүлдеге ие болған шабандоздар -«Ұлы дала сарбазы» атағымен және 24 млн. теңгелік сертификатпен марапатталды. Жарыс жеңімпаздары жолдың оңай болмағанын айтады, Бірақ, ол келесі жылғы марафонға қатысу үшін кедергі емес дейді шабандоздар. Нұрсағын Тұқымбай, Маңғыстау облысының шабандозы: «Шынымды айтсам, біздің жылқылар тіпті марафонға дайын емес еді. Бірақ олар жақсы шыдады, біз оған өте қуаныштымыз. Маңғыстаудың барлық тұрғындарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Осы турнир алдында ақсақалдардың батасын алғанбыз. Келесі жылы да қатысамыз деп ниет етіп отырмыз». Жүлделі екінші орынды Жетісу облысының шабандоздары иеленді. Ал Түркістан облысының командасы қола жүлдеге ие болды. Исатай Есентаев, Түркістан облысының шабандозы: «Біздің ауданнан үш жігіт қатысты. Жолда қиындықтар болды. Жылқылар мұндай марафонға дайын болмады, бұл әрине, үлкен рөл атқарады. Біз үшін ең қиын сынақ Ұлытау таулары мен бос жатқан аймақтардан өту болды. Бірақ марафонның оңай сәттері де болды, әрине. Қазір менде ерекше сезім бар. Болашақта тағы марафонға қатысуды жоспарлап отырмын. Егер мұндай турнир келесі жылы қайтадан өтсе, біз жылқыларымызды дайындаумен айналысамыз». Шабандоздармен қатар, ұзақ жолды журналистер мен блогерлер де жүріп өтті. БАҚ өкілдері марафонның әр кезеңі туралы материалдар дайындап, күнделік пен әлеуметтік желілерді жүргізіп отырды. Оларды алтын таға үлгісіндегі медальмен және сыйлықтармен марапаттады. Болат Маханбаев, ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атқарушы директоры: «Бұл әр шабандоз үшін, жылқылар үшін сынақ болды, бірақ жалпы алғанда, 100 шақырым жүріп, одан кейін демалып, ары қарай жүру үлгісіндегі арнайы форма жасалған. Бұл ерекше жарыс, себебі қазақ мәдениеті жылқы мен шабандоздың үздіксіз байланыста болуына негізделген». «Ұлы дала жорығы» байге-марафонын енді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп, оны халықаралық аренаға шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар, шетелдік қатысушыларды шақыру немесе жергілікті шабандоздарды шетелге жіберу де қолға алынбақ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024