Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Келесі жылы Алматыда 575 «Сергек» камерасы орнатылады

inform.kz

Келесі жылы Алматыда 575 «Сергек» камерасы орнатылады

Спикердің айтуынша, 2023 жылы Алматыда 575 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (АБК) іске қосылады, оның ішінде ақпан айында – 100 АБК, наурыз айында – 150 АБК. «Бұл бастама Алматы қаласының жолдарындағы өлім-жітімді 30% қосымша төмендетуге және жергілікті бюджетке айыппұл ретінде 16,2 млрд теңге жинауға мүмкіндік береді. Жалпы, бүгінгі күні Алматыда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты асында 766 «Сергек« кешені жұмыс істеп тұр. Оның ішінде желілік учаскелерде – 383, қиылыстарда – 383», - деді Баян Қоңырбаев. Ол сондай-ақ Алматыда «Сергек» бейнекамералары іске қосылғалы бері жолдағы өлім-жітім 48%, жол апаттары 29%, жарақат алғандар саны 30% азайғанын айтты. «32 ай ішінде қала бюджетіне 17,5 млрд теңге түсті. Сондай-ақ жеке серіктеске 2,6 млрд теңге төленді. «Сергек» кешені санын арттыру апаттар көп болатын мен криминогенді учаскелерді толық бақылауға, жол мен қоғам қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді», - деді спикер.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024