Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы сайланды

inform.kz

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы сайланды

Дәулет Ғазизұлы Хамзин 1973 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтының магистратурасын «Экономика және болжау» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы инженер-бағдарламашы ретінде бастады. 2006 жылдан бері азаматтық авиация саласында басқарушылық түрлі лауазымдарда қызмет атқарып келеді. Атап айтқанда, әр жылдары «Сары-Арқа әуежайы» АҚ президенті, «Scat авиакомпаниясы» АҚ дамыту бойынша вице-президенті, «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы болды. 2020 жылдан бастап елорда әуежайында Атқарушы директор, Коммерция департаментінің директоры ретінде еңбек етті. Биылғы жылдың қаңтар айынан бүгінге дейін «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Дәулет Хамзин Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалімен, ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталған. «Құрметті авиатор» төсбелгісінің иегері.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024