Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде 60 жастан асқан қанша азамат жұмыс істейді

inform.kz

Елімізде 60 жастан асқан қанша азамат жұмыс істейді

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім еткендей, егде жастағы халықтың ең көп саны Қостанай облысында (314 592 адам), Қарағанды облысында (222 511 адам), Түркістан облысында (215 088 адам) және Алматы облысында (197 270 адам) тұрады. Былтыр 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылған халық саны 393,5 мың адамды құрады, оның 56,3% - ерлер және 43,7 % - әйелдер. 2020 жылмен салыстырғанда 60-64 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған халық саны 12,3% артты. Бұл ретте осы жас тобындағы әйелдер бойынша өсім 32% болды. Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы зейнет жасындағы профессор-оқытушылар құрамының саны бойынша мәлімет ұсынды. Оған сәйкес, 2021-2022 оқу жылының басында ЖОО мен жоғары оқу орынанан кейінгі білім беру орындарындағы 63 және одан жоғары жастағы ерлер саны 2 889 адамды, 58 жастан асқан әйелдер саны 3 953 адамды құрады. Оның ішінде магистрдің академиялық дәрежесі барлар – 291 адам, философия докторлары – 150 адам, бейіні бойынша доктор – 55 адам, ғылым докторы – 1 556 адам, ғылым кандидаты – 3 445 адам, профессор – 1 386 адам және доцент – 2 141 адам.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024