Футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» пен «Қайсар» жеңіске жетті

Көш басында келе жатқан Көкшетаудың «Оқжетпесі» аталған турда да сүрінген жоқ. Сырт алаңда Жамбыл облысының «Игілік» командасын 5:0 есебімен сүріндірді. Осылайша турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті. Ал Қызылорданың «Кайсары» өз алаңында Алматының «Қайрат жастарынан» 2:0 есебімен басым түсті. Ал Талдықорғанның «Жетісуы» өз алаңында елорданың «Жеңісін» 3:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Аталған турдағы барлық ойын нәтижелері төмендегіше: «Астана жастар» - «Қыран» 2:3 «Игілік» - «Оқжетпес» 0:5 «Шахтер-Болат» - «Тараз-Қаратау» 4:2 «Қайсар» - «Қайрат жастар» 2:1 «Яссы» - «Екібастұз» 1:2 «Академия Оңтүстік» - «Байқоңыр» 2:2 «Жетісу» - «Жеңіс» 3:1 Енді 4 қазанда кейінге қалдырылған 15-тур ойындары өткізіледі. Аталған турда «Игілік» пен «Қайсар», «Жетісу» мен «Оқжетпес» командалары кездеседі. Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан жолдастық кездесуде Қазақстан жастары Беларусьпен тең түсті.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
-
- Маусым, 23
-
-
-
- Маусым, 21
-
- Маусым, 20
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
2 шілде 2025
2 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар