Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шопан болып жұмысқа орналасқан шетелдік азамат малдарды сатып жіберген

inform.kz

Шопан болып жұмысқа орналасқан шетелдік азамат малдарды сатып жіберген

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбекстан Республикасынан келген азамат қойшы болып жұмысқа орналасып, кейін 5 бас қошқарды таныстарына сатып жіберген. Ақшаны ала салысымен қалған малды қараусыз қалдырып, өзі белгісіз бағытқа қашып кеткен. Бұл жайында жәбірленушіге танысы хабарласып, қойлары қараусыз жүргенін жеткізген. Мал иесі полицияға арызданған соң, тәртіп сақшылары қойшыны іздестірген. Нәтижесінде күдікті Алматы қаласына қашпақ болған жерінен ұсталды. «Күдікті аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, жауап алынды. Оның бір жылдан бері жәбірленушінің қойларын баққаны анықталды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақты зат ретінде талан-таражға түскен малдар алынып, заңды иесіне қайтарылды», - делінген хабарламада.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024