Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Джонсон Ұлыбритания премьерлігіне қайта ұмтылмайтынын мәлімдеді

azattyq.org

Джонсон Ұлыбритания премьерлігіне қайта ұмтылмайтынын мәлімдеді

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон жексенбінің кешінде премьер-министр постына қайта оралу үшін күреспейтінін мәлімдеді.Джонсон өз кандидатурасын ұсыну үшін қажетті 100 депутат дауысын жинап, премьерлікке таласуға мүмкіндігі бар екенін айтқан. Сөйте тұра кандидатурасын ұсынбауға шешім қабылдаған. Өйткені жақтастарынан өзге қарсыластары да көп болғандықтан, консерваторлар партиясын біріктіре алмаудан қауіптенген.Сарапшылар болжамына қарағанда, осыдан кейін жаңа премьер-министр Ұлыбританияның бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак болатыны белгілі бола бастаған. Жексенбіде Сунак Консерваторлар партиясының жетекшісі лауазымына кандидатурасын ұсынатынын ресми түрде мәлімдеді. Консерваторлар партиясының жаңа жетекшісі жаңа премьер-министрі болады.Партия жетекшісі сайлауына кандидат болу үшін қауымдар палатасының кем дегенде 100 депутатының дауысын алу керек. Палатада 357 консерватор бар, яғни кандидаттар үшеуден аспайды. Би-би-си есебіне қарағанда, жексенбінің кешіне Сунакқа 140-тан астам депутат қолдау білдірген.Бұған дейін қауымдар палатасының жетекшісі Пенни Мордонт кандидатурасын ұсынған. Би-би-си әзірге оны 24 депутат қана қолдап отырғанын айтады.Кандидаттар 24 қазанда толық белгілі болады. Егер 100-ден астам депутат бір ғана кандидатты қолдаса, онда сол адам партия жетекшісі болады. Егер үміткер екеу болса, соңғы шешімді консерваторлар партиясының мүшелері онлайн-дауыспен қабылдайды. Дауыс беруге 4 күн берілген, яғни 28 қазанда аяқталады.20 қазанда Лиз Трасс Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен отставкаға кеткен. Ол небәрі 44 күн ғана премьер болды. Трасс қазіргіден әлдеқайда ұзақ процедурадан кейін партия жетекшісі болған. Сунак оның негізгі бәсекелесі болған еді.Оппозициядағы лейбористер партиясы мерзімінен бұрын сайлау өткізуге шақырып жатыр, алайда консерваторлар қарсы болса, олар сайлауға қол жеткізе алмайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар