Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БҰҰ жұмыс тобы: Кәрім Мәсімовті бостандығынан жөн-жосықсыз айырған

azattyq.org

БҰҰ жұмыс тобы: Кәрім Мәсімовті бостандығынан жөн-жосықсыз айырған

Біріккен ұлттар ұйымының жөнсіз ұстаулар жөніндегі жұмыс тобы Астананы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті "шұғыл бостандыққа шығаратын іс-шара қабылдауға" шақырды. Бұл жөнінде бұрынғы шенеунікті қолдауға арналған онлайн-ресурс хабарлады.Адам құқығы бойынша жоғарғы комиссар басқармасы сайтында жарияланған жұмыс тобының қорытындысында Кәрім Мәсімовті бостандығынан айыру кезінде Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясының 3, 9, 10 және 11 баптары мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 9, 14-баптарына қайшы іс-әрекет жасалғаны атап көрсетілген.Жұмыс тобының есебінде Мәсімов ісі төңірегіндегі "құпиялық" та сөз болған: Мәсімовтің отбасына іс барысы туралы ақпарат берілмейді, кездесуге де рұқсат жоқ. Мұнан өзге, Мәсімовті қорғаушылар жұмысына да кедергі жасалған. БҰҰ жұмыс тобы "Мәсімовті бостандығынан жөн-жосықсыз айыруға байланысты жағдайды толығымен және тәуелсіз зерттеуге" және "Мәсімовтің құқығын бұзушыларға шара қолдануға" шақырған. Жұмыс тобы "Мәсімовті шұғыл босатып, халықаралық құқық тәртібі бойынша өтемақы алу құқығын беруге" тиіс деп санайды.Кәрім Мәсімовке "мемлекетке опасыздық жасады", "төңкеріс жасамақ болды", "жемқорлықпен шұғылданды" деген айыптар тағылған.Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кезінде ықпалды қызметтер атқарған Кәрім Мәсімов биыл кемінде 238 адам өлген Қаңтар оқиғасы кезінде, 5 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалығынан босатылып, қамауға алынған. Мәсімов пен оның үш орынбасарының үстінен қозғалған қылмыстық іс құпия жүргізіліп жатыр.26 қазанда ҰҚК баспасөз қызметі Кәрім Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловты қамауды 6 желтоқсанға дейін, Мәсімовтің тағы екі орынбасары – Дәулет Ерғожинді 13 желтоқсанға дейін, Марат Өсіповті 22 желтоқсанға дейін қамауды ұзартқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024