Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ Қазақстанның аумақтық тұтастығын қолдайды - Елші

inform.kz

АҚШ Қазақстанның аумақтық тұтастығын қолдайды - Елші

«Бүгін Америка Құрама Штаттарының Елшісі ретінде Қазақстан Президентіне аккредиттеу құжатын тапсыру мәртебесіне ие болдым. АҚШ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындағанын мақтан етеді. Ынтымақтастықтың 30 жылы ішінде біз барынша қауіпсіз әрі гүлденген өңір қалыптастыру, қауіпсіз әлем құру, БҰҰ жарғылары мен ұстанымдарын қолдау мақсаттарын бөлістік. АҚШ Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қолдайды. Сонымен қатар экономикалық байланыстарды нығайтып, халықтарымыз арасындағы байланыстарды кеңейтуге мүдделі», - деді ол Ақордада Қазақстан Президентіне сенім грамтотасын тапсырғаннан кейінгі брифингте. АҚШ Елшісі Қазақстан Президентінің саяси, экономика және қауіпсіздік салаларындағы реформаларына жоғары бағалайтындықтарын айта келе, оларды жүзеге асыруға қолдау білдіретіндіктерін атап өтті. «Осынау тамаша елдің әрбір өңіріне барып, халқымен танысқым келеді. Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы жаңа Елшісі ретінде қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе. Стратегиялық серіктестігімізді одан әрі кеңейтіп, тереңдетуге асықпын және тарихы бай, табиғаты ғажап Қазақстанда тұруға осындай мүмкіндік туғанына өте қуаныштымын», - деді Дэниэл Розенблюм.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 қаңтар 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар