Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

azattyq.org

Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Астананың арнайы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 18 қарашада бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қамаудағы мерзімін тағы бір айға созды.Экс-шенеунік 140 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен мамыр айында ұсталған. Ол кезде экс-министр Ұлттық музейді басқарған.Тергеу амалдары "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізу, "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу", "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген қаражаттың ұрлану фактілері бойынша жүріп жатыр. Келісімнің жалпы құны 1,2 млрд теңге болған деп айтылады.Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014-2019 жылдары мәдениет министрі болды. Кейінгі үш жылда Ұлттық музейге жетекшілік еткен.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қараша 2022