Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футболдан Канада құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты

inform.kz

Футболдан Канада құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты

Ойын басталысымен-ақ үйеңкі елінің басты жұлдызы, 21 жастағы Альфонсо Дэвис мергендігімен көзге түсті. Оң қанаттағы Ричи Лареядан пас алған А.Дэвис баспен допты қақпаға дәл түсірді. Осылайша, ол Канада құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты. Бұған дейін канадалықтар 1986 жылғы біріншілікте өнер көрсетіп, ұпай түгілі, бірде-бір гол соға алмай кеткен еді. «Бавария» (Мюнхен) клубының қорғаушысы А.Дэвистің Бельгиямен өткен ойында да гол соғатындай мүмкіндігі болып еді. Алайда ол 11 метрлік нүктеден мүлт кетті. F тобында бүгін Бельгияны Марокко 2:0 есебімен ұтып кетті. Ал Хорватия Канададан есе қайыра ала, оны бәсеке барысы көрсетеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Килиан Мбаппенің Францияны плей-офф кезеңіне шығарғанын жазған болатынбыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024