Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкентте автобус жүргізушілері аялдамада төбелесе жаздады

inform.kz

Шымкентте автобус жүргізушілері аялдамада төбелесе жаздады

Әлеуметтік желіде қоғамдық көлік жүргізушілерінің ерегісіп тұрған видеосы тарады. Онда екі жүргізуші жолаушылардың көзінше бір-бірімен төбелесе жаздағанын көруге болады. Тіпті, аялдама маңында кептеліс тудырып, өзге де көліктердің жүруіне кедергі келтірген. «27 мен 35 бағыттағы автобус жүргізушілері жұмыс уақытында «разборка» жасап жатыр. Не деген сұмдық»-дейді видео авторы. «Мәселелеріңді жұмыстан кейін шешіңдер. Жолаушылар жұмысқа кешігіп жатыр»,-деген жолаушылардың да наразылығын естуге болады. Аталған мәселеге жауап берген Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қос қоғамдық көліктің жүргізушісіне қатаң шара қолданатынын мәлімдеді. Ал, желіде жарияланған видеоға пікір білдірушілердің біршамасы қоғамдық көліктерде жүргізушілер тиісті ережелерді сақтамайтындығын жазған. «Автобус жүргізушілері адам тасып жүргендерін ұмытып кетеді», «Психологтар әрбір жүргізушімен жұмыс істеуі керек», «Барлық уақытта телефонда отырады, группаға қосылып алған, сонда ұрсып отырады» деп пікір білдіргендерде бар.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024