Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Михаил Кукушкин Италиядағы жарыстың финалында жеңіліп қалды

inform.kz

Михаил Кукушкин Италиядағы жарыстың финалында жеңіліп қалды

Соңғы бәсекеде қазақстандық теннисші әлемнің 197-ракеткасы, швейцариялық Леандро Рейдльмен кортқа шықты. Тартысты өрбіген бірінші партияда 20 жастағы швейцариялық спортшы тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:4). Ол екінші сетте де 2:0 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде М.Кукушкин 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 4 эйс, 4 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Италиядағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Чилимен ойнайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар