Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Екібастұз ауруханасы мен перзентханасында температура төмендеген жоқ

inform.kz

Екібастұз ауруханасы мен перзентханасында температура төмендеген жоқ

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтың айтуынша, қалалық ауруханадағы температуралық режим 20-25 градусты болып тұр. – Температура күні бойы төмендеген жоқ. Ешкімді қалалық ауруханаға көшірген жоқпыз. 12 науқас облыс орталығына жіберілді, олардың жағдайы орташа. Психикалық денсаулық орталығындағы температура төмен болған соң 26 пациент облыстық психикалық денсаулық орталығына ауыстырылды – деп атап өтті облыстың бас дәрігері. Басқарма басшысының айтуынша, температура сағат сайын бақыланады, әзірге жағдай қалыпты. – Алаңдатын жалғыз нәрсе – емханалардағы температура. Бүгін емханаларда қабылдауды 22.00-ге дейін ұзарттық, жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар қабылдады. Ертең, дүйсенбі күні температуралық режим төмен болған жағдайда үйде қызмет көрсетуге баса назар аударылады, бірақ емханада да қабылдау жүргізіледі. 27 науқас орналастырылған перзентханада да температура режимі бірқалыпты, – деп атап өтті ведомство басшысы. – Олардың барлығы қанағаттанарлық жағдайда. Қажет болса, оларды үйге жіберуге болады, – деді Айдар Сейітқазинов. Естеріңізге сала кетейік, Павлодарға өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері жіберілді. Қаланың емдеу мекемелерінің пациенттерін қайта орналастыру үшін 8 көлік дайын. Екібастұз ЖЭО-дағы жағдай тұрақтанды. Штаттық режимде бес қазандық агрегаты жұмыс істейді, оның үшеуі – су жылыту қазандықтары, екеуі – энергетикалық. Осыған дейін Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалғанын жазған едік. Кейінірек жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды. Екібастұз қаласының оқушылары онлайн оқитыны хабарланды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024