Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жетісу облысында 256 млн теңгеге жасалған су жүйесінің рахатын халық көре алмады

inform.kz

Жетісу облысында 256 млн теңгеге жасалған су жүйесінің рахатын халық көре алмады

Өйткені, әу баста тіршілік нәрі шығатын жерді шенеуніктер зерттемей, бірден жобалық-сметалық құжат жасап,мұнара орнатып, құбырларды жүргізіп тастаған. Ал бұл жұмыстарды жүргізуге 256 млн теңге жұмсалған. Қазір Шанханай ауылында осыдан үш жыл бұрын жасалған мұнараның түкке пайдасы болмай қалған. Ал, мамандардың айтуынша, әуелі жердің су мөлшері кемінде 10 жылға жететіндігі зерттеліп, тексерілуі керек еді. «Мұнара қазір экспонат болып тұр, түкке пайдасы жоқ. Сайдағы су сорғышты терең қазған, оның да түкке пайдасы жоқ, халық су ішпесе, қандай пайдасы болады? Сөйтіп ақшаны құртты, ақша кетті», - деді Шанханай ауылының тұрғыны Руслан Анарханов. Осылайша ауыл халқы қазір бұлақтың суын тұтынып отыр. Алайда, жауын жауса су лайланып, ішуге жарамсыз болып қалатынын облысқа жаңадан келген Тұрғын үй шаруашылық басқармасының басшысы да растайды. «Көктемде су тасқыны болғанда, жауын жауғанда, ол су лайланады да, бір-екі апта ауылда су болмай қалады», - деді Жетісу облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ернат Бәзіл. Қазір Шоқан Уәлиханов жерленген Шанханай ауылындағы су мәселесіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кірісті. «Бұл бойынша жергілікті атқарушы орган дер кезінде ешқандай шара қолданбаған. Қазір бұл істе жемқорлық көріністері бар ма, жоқ па, неге осындай болғаны тексеріліп жатыр», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов. Енді халықты таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін қайта су шығатын жерді анықтамақ. Ал оған тағы қанша қаражат жұмсалатыны белгісіз. Ал ауылға су мұнарасын тұрғызып кеткен шенеуніктер қазір Кербұлақ ауданында жұмыс істемейді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024