Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркияда «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткіші орнатылды

almaty-akshamy.kz

Түркияда «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткіші орнатылды

Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Бағжылар ауданында «Қазақ-түрік бауырластығы» ескерткіші салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Отандастар қорына сілтеме жасап. Алтайдан Анадолыға қоныс аударған қазақтардың Түркия мемлекетін мекендеуіне 70 жыл толуы қарсаңында бой көтерген бұл ескерткіш – екі ел арасындағы туыстық, достық қарым-қатынастың айрықша белгісі. Авторы – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркемсурет Академиясының бірінші вице-президенті, белгілі суретші, режиссер, тележурналист Жанұзақ Мүсәпір. Іс-шараны Қазақстанның Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев салтанатты түрде ашып берді. Бағжылар ауданының мэрі Абдулла Оздемир мырза Түркияда тұрып жатқан қазақ ұлтына өз ризашылығын білдіріп, құттықтауын жеткізді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйлеп, қазақ ұлтының қилы тарихына тоқталып, түрік халқының бауырластығын тілге тиек етті. «Бірлік» қазақ жастары ұйымының төрағасы Аслан Серік қазақтың қара домбырасымен «Қазақ осы» әнін орындап, жиналған қауымның ықыласына бөленді. «Отандастар қоры» КеАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы Қазақстан мен Түркияның арақатынасына тоқталып, бірлігі бекем мемлекеттер екенін айтып өтті. Сонымен қатар, Бағжылар ауданының әкіміне шапан жауып, арнайы сыйлық табыстады. Шара аясында қазақ көшінің 70 жылдығына орай, «ҰЛЫ КӨШ» тақырыбында фотосуреттер мен ҚР жоғары оқу орындарының білім көрмесі ұйымдастырылды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024