Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмола облысында аязды күні жолда қалған 10 адам құтқарылды

inform.kz

Ақмола облысында аязды күні жолда қалған 10 адам құтқарылды

Кешкі сағат 21.00 шамасында жолшылар екі кішкентай баласы бар отбасына көмекке келді. Автокөлік багындағы жанармайдың қатып қалуына байланысты отбасы межелі жерге жете алмаған. Жолшылар отбасын тұрғылықты жеріне жеткізуге көмектесіп, «Астана қаласын айналып өту» автожолының 70 шақырымынан Қосшы қаласына дейін ГАЗель маркалы автокөлікті сүйреп апарды. Шағын автобус жолаушыларына да көмек көрсетілді. Бұл көлік «Көкшетау-Атбасар» республикалық трассасының 150 шақырымынан табылған. Оны жолшылар Атбасар қаласына дейін сүйреді. Сол күні кешке Ақмола жолшылары «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1010 шақырымында бұзылып қалған жүк көлігінің жүргізушісін жылыту пунктіне жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, жол бойында штаттан тыс жағдай туындаса жүргізушілер мен жолаушылар 1403 қысқа нөмірі бойынша ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына хабарласқаны жөн. Өткен демалыс күндері ғана call-орталыққа республикалық трассадағы жолаушылардан 2000-нан астам қоңырау түскен.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар