Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футболдан әлем чемпионатында Бразилия жеңісті жолын жалғастыра ма

inform.kz

Футболдан әлем чемпионатында Бразилия жеңісті жолын жалғастыра ма

Бұл топтағы Камерун және Сербия кездесуі елорда уақытымен 16:00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Кездесу Эль-Вакра қаласындағы 44325 жанкүйерге арналған «Эль-Джануб» стадионында өткізіледі. Кездесуде Біріккен Араб Әмірлігінен келген Мохаммед Абдулла Хасан Мохаммед бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Мохамед Ахмед Юсуф Аль-Хаммади мен Хассан Мохаммед Хассан Аб Сукатари Аль-Махри көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - Ма Нин. 2010 жылы өткен жолдастық кездесуде Сербия аталған қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті. Әзірге екі құрама арасында бұдан басқа ойын болған емес. Аталған топтағы Бразилия мен Швейцария кездесуі елорда уақытымен 22:00-де «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Кездесу ел астанасы Доха қаласындағы 44 089 жанкүйерге арналған «Стэдиум 974» стадионында өткізіледі. Кездесуде бас төреші - сальвадорлық Иван Бартон. Оған отандасы Давид Моран Сантос пен суринамдық Захари Зегелар көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - Саид Мартинес. 2013 жылы өткен жолдастық кездесуде бразилиялық футболшылар 1:0 есебімен басым түссе, 2018 жылы әлем чемпионаты финалдық сатысының топтық кезеңінде құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Еске салсақ, 27 қарашада Е тобында Жапония Коста-Рикаға 0:1 есебімен жол берді. Ал F тобында Бельгия құрамасы Мароккоға 0:2, Канада құрамасы Хорватияға 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Фото: Getty Images
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024