Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қазпошта» АҚ Екібастұз тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтуді қолға алды

almaty-akshamy.kz

«Қазпошта» АҚ Екібастұз тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтуді қолға алды

«Қазпошта» акционерлік қоғамы Екібастұз тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтуді қолға алады. Бұл жайында компанияның басқарма төрағасы Әсел Жанасова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Достар, Екібастұзда көпқабатты және жеке тұрғын үйлер жылусыз қалды. Алда 30 градустан төмен аязды күндер бар. Біздің компания шетте қала алмады – бүгін Қазпошта гуманитарлық көмек жинауды бастайды. Астана мен Алматыдағы кез келген Қазпошта бөлімшесіне жылытқыш, көрпе, жылы киім және басқа керек заттар әкелуге болады. Барлық көмек Екібастұзға компаниямыздың күшімен жеткізіледі», - деп жазды Әсел Жанасова Facebook парақшасында. Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024