Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!” науқаны өтуде

almaty-akshamy.kz

Алматыда “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!” науқаны  өтуде

«Іс-шара тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, полицияға деген сенім деңгейін арттыру, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мақсатында өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытында атқарылып жатқан шаралармен халықты таныстыру. Шара аясында тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. ІІО-да профилактикалық есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарды жасаған, алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды анықтау және есепке алу, сондай-ақ олардың тұрмыстық өмірде қылмыс жасамауларын қадағалау», – деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков. Науқанға дағдарыс орталықтары да белсене қатысуда. Онда құқықтық кеңес және психологиялық көмек көрсету бойынша сенім телефондары жұмыс істейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері туралы хабардар болсаңыз немесе осындай зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, полицияға келесі телефондар арқылы хабарласуыңыз қажет: Алматы қаласы ПД: 254-45-99; Алмалы аудандық ПБ: 254-46-09; Алатау аудандық ПБ: 227-55-54; Әуезов аудандық ПБ: 298-53-33; Бостандық аудандық ПБ: 254-47-26; Жетісу аудандық ПБ: 254-49-43; Медеу аудандық ПБ: 254-48-66; Түрксіб аудандық ПБ: 298-54-25; Наурызбай аудандық ПБ: 254-49-48. Дағдарыс орталықтарының телефондары: “Родник” ҚҚ – 396-19-38; “Жан-Сая” КММ – “150” (анонимді, тәулік бойы) немесе 8-771-450-34-50;8-727-243-22-21 “Аналар үйі” КҚ -8-747-311-41-09; 8-747-311-40-51; 8-747-311-40-67.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024