Қазақстанда республикалық жолдардың бәрі ашық

Ведомствоның мәліметінше, республикалық маңызы бар тас жолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасымен өңдеуге 230 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Демалыс күндері күре жолдарға 300 текше метрден астам құм-тұз қоспасы себілді. 26-27 желтоқсан аралығында еліміздің 9 өңірінің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 40-тан астам рет қозғалысқа шектеу енгізілді. Жолшылар республикалық трассаларда қар құрсауында қалған 300-ден астам жүргізушіге көмек көрсетті. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар тасжолдар ашық. "ҚазАвтоЖол мамандары" жолдың жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр. Өткен демалыс күндері 1403 қысқа нөміріндегі call-орталыққа республикалық трассадағы жолаушылардан 2000-нан астам қоңырау түскен.
- Соңғы
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
-
- Маусым, 23
-
-
-
- Маусым, 21
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
3 шілде 2025
3 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар