Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қаңтарда 20 өңірден бір-бір Сенат депутаты сайланады

ktk.kz

Қаңтарда 20 өңірден бір-бір Сенат депутаты сайланады

«Өздеріңіз білетіндей, ҚР Конституциясының 44-бабына, «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 69-бабына сәйкес, Парламент Сенаты депутаттарының бір бөлігі, яғни, әр өңірден бір-бірден сайланатын депутаттар өкілеттігінің конституциялық мерзімі 2023 жылы аяқталатына байланысты Мемлекет басшысының 26 қарашадағы №4 Жарлығымен ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауы 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалды. Осылайша, еліміздің Президенті атап өткендей, Парламенттің жоғарғы палатасы депутаттарының кезекті сайлауы конституциялық реформаны нақты жүзеге асырудың жалғасы болмақ. Өз өкілеттігіне сай Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етеді. Осыған орай 2023 жылғы 14 қаңтарға белгіленген Сенат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының жобасы әзірленген», - деп атап өтті бүгін Нұрлан Әбдіров ОСК отырысында. Осыдан кейін аталған мәселе бойынша баяндама жасау үшін сөз ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровке берілді. Оның атап өтуінше, депутаттар сайлауын Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгі мерзiмiнiң бiтуiне дейiн кемiнде төрт ай қалғанда тағайындалады және ол конституциялық өкiлеттiк мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын өткiзiледi. «Қазақстан Республикасының азаматы және оның аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады», - деді ол. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар