Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғыз депутаты Бішкектің төрт ауданының атауын өзгерту жөніндегі ұсынысқа Мәскеудің реакциясын сынады

azattyq.org

Қырғыз депутаты Бішкектің төрт ауданының атауын өзгерту жөніндегі ұсынысқа Мәскеудің реакциясын сынады

Қырғызстан парламентінің төрағасы Нұрланбек Шәкиевтің Бішкектегі төрт ауданның совет кезеңінен қалған атауын өзгерту туралы ұсынысына байланысты Ресей мемлекеттік думасы депутаттарының реакциясы Қырғызстан қоғамында қызу талқыланды. Қырғыздың кей депутаттары Ресейдегі әріптестерінің мәлімдемесін "Қырғызстанның ішкі ісіне араласу" деп бағалады. Бұл жөнінде Азаттықтық Қырғыз қызметі жазды."Ресей мемлекеттік думасының депутаты Светлана Журованың халықаралық ережеге сай келмейтін, мемлекетаралық қатынасқа көлеңке түсіретін, серіктес елдің ішкі ісіне араласқанды білдіретін мәлімдемесі негізсіз. Өйткені Қырғызстанда орыс тілі ерекше орын алып отыр, заңдарымыздан бастап, көшедегі көрнекіліктерге дейін мемлекеттік тілмен қатар қолданылып келеді", - деген парламент депутаты Кәмила Талиеваның мәлімдемесін парламент баспасөз қызметі таратқан.Депутат "әкімшілік-аумақтық атауларды өзгерту егеменді мемлекеттің ішкі ісі" деп атап өткен.Нұрланбек Шәкиев 25 қарашада Бішкекте өткен Халық құрылтайында сөйлеп тұрып: "Өкінішке қарай, көптеген жер-су атаулары өзге тілде аталған. Оны өзгертіп, қырғыз тілінде атауымыз керек. Оның ішінде Бішкектің төрт ауданы да бар" деген еді.Артынша Ресей мемлекеттік думасының депутаты, халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Светлана Журова мәлімдеме жасаған. Ол "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұхбатында "мұндай мәлімдеме Қырғызстанда тұратын орыс тілінде сөйлейтін адамдардың құқығына нұқсан келтіреді" деген."Бұл жайда жай айтылып жатқан жоқ. Бұл орыс тілін ығыстырып шығарудың алғашқы кішкентай қадамдары. Бұған бір секунд та күмәнданбаймын", - дейді Журова.Мемлекеттік дума депутатының сөзінше, Грузия мен Украинадағы оқиғаның бәрі "орыс тілін шектеуден басталған, сондықтан бұл мәселеге Ресей президенті араласуы керек". Мемлекетік думаның тағы бір депутаты Александр Ющенко Қырғызстан басшылығы "советтік кезеңге түкіріп отыр" деп мәлімдеген. Бұл жөнінде Ресейдің Газета.ру сайты жазды.Мемлекеттік думадағы халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Дмитрий Новиков те "Қырғызстанда антисоветизм байқалатынын" атап өткен.Бішкек қаласы Первомайск, Свердлов, Октябрь және Ленин аудандарына бөлінеді. Кейінгі жылдары бұл атауларды өзгерту жөнінде бірнеше рет бастама көтеріліп, аяқсыз қалған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024