Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей БАҚ-тары: Тоқаев Ресей, Қазақстан, Өзбекстан одағын құру туралы Путиннің ұсынысын қолдады

azattyq.org

Ресей БАҚ-тары: Тоқаев Ресей, Қазақстан, Өзбекстан одағын құру туралы Путиннің ұсынысын қолдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қарашада Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездескенде президент Владимир Путин газ саласы бойынша Ресей, Қазақстан, Өзбекстан құруды ұсынғанын айтқан. Интерфакс Тоқаев Путиннің ұсынысын қолдады деп жазған."Бүгін Владимир Владимировичпен сөйлестім, ол бізге үш жақты одақ құру керек екенін және Өзбекстан президентіне телефон соққалы отырғанын айтты. Түпкілікті қорытынды мен келісімге келу үшін мамандарымызды айтпағанда, бізге, маған да бұл тақырыпқа егжей-тегжейлі дендей ену керек", – дейді Тоқаев.Оның сөзінше, газ саласы бойынша қосымша келісімді, тіпті келіссөзді керек ететін мәселелер бар.26 қарашада халыққа ант берген Қазақстан президенті 28 қарашада Ресейге ресми сапармен барған.Бұған дейін Тоқаев пен Путин екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына байланысты декларацияға қол қойған еді. Ақорданың хабарлауынша, Ресей Астананың "негізгі стратегиялық серіктесі" болып қала береді.Екі президенттің кездесуі туралы Кремль мен Ақорда сайттарында жарияланған хабарда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан одағы туралы ресми ақпарат жоқ.Қазақстан Ресейдің Украинаға басып кіргенін айыптамаған. Ресейге сол үшін көптеген ірі санкциялар салынып, экспортын шектеген. Астана Украинаның төрт аймағын Ресей жері деп те мойындамаған. Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберіп, аумақтық тұтастығын қолдайтынын білдірген.Қазақстан Ресеймен бірге Еуразия экономика одағына және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше. Қазақстан мен Ресей секілді ірі газ эспорттаушы ел саналатын Өзбекстан бұл одақтарға қосылмаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024