Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бокстан әлем чемпионы Элина Базарова Шымкентке оралды

kz.otyrar.kz

Бокстан әлем чемпионы Элина Базарова Шымкентке оралды

Шымкенттік жас спортшы бокстан әлем чемпионы атанды. Испанияда өткен жарыста жерлесіміз 4 кездесу өткізіп, қарсыласын айқын басымдықпен тізе бүктірген. Елге оралған Элина Базарованы жанкүйерлері мен туыстары ерекше қуанышпен салтанатты түрде қарсы алды. Ел мақтанышы, бокстан жастар арасында әлем чемпионы Элина Базарова Шымкентке оралды. Жеңімпаз қызды бапкерлері, туған туысы мен университет жастары қошеметпен қарсы алды. 18 жасар Элина Базарова Испанияда өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынды. Ол жарыс барысында 4 жекпе-жек өткізген. 54 келі салмақта қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктірген ару бәрі де тәжірибелі бапкерлер мен өзіне демеу көрсеткен жанкүйерлерінің арқасы екенін айтады. Элина Базарова, бокстан әлем чемпионы: “Барша қазақстандықтарға қолдағанына алғысымды білдіремін. Мені қолдаған Заңғар ағайыма рақметімді айтамын. Финалда германдық қызбен шықтым. Өздеріңізде білесіздер финалға осал спортшы шықпайды. Оңай болған жоқ, бірақ аса басымдылықпен жеңіп шықтым”. 9 жылдан бері былғары қолғапты жанына серік еткен Элина шаршы алаңда жапондық аруды 5:0, индиялық спортшыны 5:0, Голландиялық қарсыласын 3:2 есебімен жеңген. Ал финалдық кездесуде Германиялық спортшыны 2 рет нокаутқа түсіріп, 5:0 есебімен, айқын басымдықпен жеңіске жеткен. Бауыржан Тұманбаев, Шымкент қаласы спорт басқармасының басшысы: “Бүгін Шымкентте жанкүйерлермен бірге әлем чемпионы Элина Базарованы күтіп алып жатырмыз. Өздеріңізге белгілі Испанияда әлем чемпионаты өткен болатын. Біздің Элина қызымыз 4 кездесу өткізіп, айқын басымдықпен жеңіп келе жатыр. Бұл спорт тарихындағы ең үлкен жетістіктің бірі деп білемін”. Айта кетейік, әлем чемпионатына 73 мемлекеттен 597 спортшы қатысқан. Байрақты бәсекеде еліміздің намысын 24 спортшы қорғады. Соның бірі де бірегейі шымкенттік ару Элина Базарова чемпиондық титулға ие болды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024