Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкенттік көркем гимнастшылар әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

kz.otyrar.kz

Шымкенттік көркем гимнастшылар әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Шымкенттік «Кармелиты» командасы Австрияда өткен эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионатында 3 орын иеленді. Бұл жергілікті спортшылардың топтық сайыста жеткен алғашқы әлемдік жетістігі. Команда құрамында қаламыздағы №9 көркем гимнастика спорт мектебінің 7 спортшысы өнер көрсетті. Олар еліміздің атынан барған 3 құрама ішінде ең көп ұпай жинап, ел намысын қорғап қайтты. Саида Патшахан, көркем гимнастшы: «Австрия мемлекеті Грацта қаласында өткен халықаралық турнир мен әлем чемпионатына қатыстық. Турнир 2 күн өтті, чемпионат 2 күн болды. 4 күн бойы қарсыластарымыздан қалыспай, бар күшімізді салдық. Барша қолдау білдірген қазақстандықтарға рахмет”. Айта кетейік, байрақты бәсекеге 17 елден 25 команда бақ сынады. Соның ішінде Шымкенттік көркем гимнастшылар өз біліктілігін көрсетіп, қола жүлдені қанжығасына байлады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024