Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада газсыз қалған үйлерге көмір жеткізілуде - әкімдік

inform.kz

Астанада газсыз қалған үйлерге көмір жеткізілуде - әкімдік

Апатты қалпына келтіру жұмыстары түні бойы жүргізілген. 29 қараша күні сағат 9.00-ден бастап абонеттерге газ беріле бастады. Газ беру №15 және №16 газ тарату пунктеріне жалғанған абонеттер үшін қалпына келтірілді. Бұл Ақан сері, Қараменде би Шақаұлы, Сұлутал, Сүйінбай Ақын, Айдархан Тұрлыбаев көшелерінің қиылыстарындағы үйлер деген сөз. Ал үшінші газ тарату пунктіне жалғанған 75 абонентке жылжымалы бу агрегаты қызмет көрсетеді. «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің аппаратында осы мәселе бойынша штаб құрылды. Аудан әкімдігі газсыз қалған үйлерге көмір жеткізуді ұйымдастырып жатыр», - делінген мәліметте. Еске салсақ, кеше кешке аталған шағын ауданда құрылыс техникасының кесірінен 236 аобнент газсыз қалған болатын.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024