Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Каспий мұнай құбыр кешенінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды

almaty-akshamy.kz

Каспий мұнай құбыр кешенінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды

Каспий құбыр консорциумында теңіз терминалындағы екінші айлақ құрылғысында қалқымалы жабдықтарды ауыстыру жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы аталған консорциумның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «2022 жылдың 29 қарашасында екінші айлақ құрылғысында қалқымалы жабдықты ауыстыру жұмыстары толығымен аяқталды. Гидростатикалық сынақтар тиісті деңгейде жүргізілді. Осы орайда аталған құрылғы мұнайды танкерлерге тиеуге дайын», - делінген Каспий құбыр консорциумы мәліметінде. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қараша айында Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы бірінші құрылғысы жөнделді. Одан кейін бірден екінші қондырғыны жөндеу басталды. Айта кетейік, 22 тамызда Каспий құбыр желісінің екі кешені техникалық ақауларға байланысты жұмыс істемей тұрғаны хабарланған еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024