Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің төрт өңірінде ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, еліміздің кейбір облыстарында 30 қарашада қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ болатынын болжайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстік шығыстан батысқа ойыса 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында -40°С қатты аяз болады. Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын болады (қар аралас жаңбыр). Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аумақтары мен тау бөктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Тау асуларында оңтүстік батыстан қатты жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Шымкент қаласында тұман түсіп, көктайғақ болатыны болжанады. Түркістанда да тұман, көктайғақ болады. Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Өңірдің солтүстігінде, шығысында солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с құрайды. Алакөл аумағында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғарыға жетеді деп болжанады. Синоптиктер республикамыздың көп бөлігі әлі де суық солтүстік антициклонның ықпалында екенін, осыған байланысты аязды ауа райы сақталатынын ескертеді.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
26 желтоқсан 2024
26 желтоқсан 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар