Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Досаев Түрксіб ауданындағы жол-көлік инфрақұрылымы жайында есеп берді

almaty-akshamy.kz

Досаев Түрксіб ауданындағы жол-көлік инфрақұрылымы жайында есеп берді

Алматы әкімі міндетін атқарушы Ерболат Досаев қарашаның 30 күні Түрксіб ауданы халқымен кездесу барысында атқарылған жұмыстар жайында атты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. «Осы жылдың қыркүйек айында өткен кездесу барысында Қайрат шағын ауданының тұрғындары Сұлушаш, Көрімдік, Сыбызғы көшелеріндегі жолдарды жөндеу туралы өтініш білдірді. Бүгінде олар бойынша жұмыстар аяқталды, 2,5 км жолға асфальт төселді.Сонымен қатар, ауданда ұзындығы 9 км болатын 17 көше жөнделіп, жалпы ауданы 20 мың кв. метр 89 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.Тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін 11 көшеге ұзындығы 9 км тротуар салынды және жөнделді.2023 жылы ұзындығы 42 км болатын 31 көшеге қосымша жөндеу жүргізіліп, тағы 35 көшеге – 27 км тротуар салынады», - деді Ерболат Досаев. Сонымен қатар әкім қызметін атқаруы Ерболат Досаев Хмельницкий көшесінен Талғар трактіне дейінгі көшені ұзартып салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп эатқанын айтты. Аяқталу мерзімі 2023 жылдың соңына дейін. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024-2025 жылдары жүргізілетін болады. «Магистралды жолдар арқылы өту ыңғайлы болу үшін Б. Хмельницкий, Е. Бекмаханов, Сүйінбай және Лавренев көшелерінде 11 реттелетін светофор және Сейфуллин даңғылында, Шемякин, Папанин және Жұмабаев көшелерінде 5 светофор іске қосылды. Сондай-ақ, Түрксіб ауданының аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы жылдың қараша айынан бастап 174 адресте 322 бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары басталды. Жұмыстар 2022 жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталады». –деді Ерболат Досаев. Сонымен бірге қала басшылығы 2023 жылдың сәуір айында 96 адреске 448 «Сергек» камерасын өндірістік пайдалану мақсатында іске қосуды жоспарлап отыр. «Осы жылдың соңына дейін жер үстіндегі жаяу жүргіншілер жүретін переходтардағы көтергіш құрылғыларды қалпына келтіру жұмыстары аяқталады (Майлин көшесі мен Сүйінбай даңғылы бойында). Қазірдің өзінде вандализмнің алдын алу үшін 30 бейнебақылау камерасы орнатылды, оны Түрксіб ауданының полициясы көре алады. Әлмерек, Нұршашқан шағын аудандарына және ауданның 23 көшесіне 27 жаңа остановка конструкциясын орнату жұмыстары аяқталды»,- деді Ерболат Досаев. Оның айтуынша, келесі жылы Рысқұлов даңғылының бойындағы (Парасат тұрғын үй кешені) және теміржол арқылы (Костромская көшесіне шығатын Ержанов көшесінің бойына) 2 жер үстіндегі жаяу жүргіншілер өткелін (проходын) салу жоспарланған, жобасы дайын, 2022 жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптама қорытындысын аламыз. «Тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен қолайлығын арттыру мақсатында №215 маршрут Жас Қанат шағын ауданынан Шуақты шағын ауданына дейін ұзартылды (6,5 км.), рейске шығатын автобус саны 5-тен 7-ге дейін көбейді. Сонымен қатар, 4 маршруттағы (№8, 36, 69, 138) 39 автобус жаңартылды»,- деді Ерболат Досаев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024