Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түрксіб ауданында екі дәрігерлік амбулатория бой көтереді

almaty-akshamy.kz

Түрксіб ауданында екі дәрігерлік амбулатория бой көтереді

Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауданда бой көтеретін әлеуметтік маңызды нысандар жайлы айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және Түрксіб ауданының көбейіп жатқан тұрғындарын медициналық қызметтермен қамтамасыз ету үшін биыл желтоқсан айында «Нұршашқан» шағынауданында бір ауысымда 100 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады. Сондай-ақ 2023 жылдың I тоқсанында Айбасов көшесінде бір ауысымда 200 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. «Қайрат шағынауданында 340 келушіге арналған емхана құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы 2023 жылдың II тоқсанында мемлекеттік сараптамадан өтеді. Жалпы, жоғарыда аталған шаралар күніне келетін пациенттердің санын 800 адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Е.Досаев. Әлеуметтік және спорттық нысандар Қазіргі уақытта ескі ғимаратты (Р.Зорге көшесі, 2А) күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде, онда 2023 жылы әлеуметтік нысандар орталығын ашып, «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығын, «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубын, ардагерлер кеңесін және мүгедектер қоғамын орналастыру жоспарланған. Сондай-ақ 2023 жылдың I тоқсанында «Жас Қанат» шағынауданында бассейні бар екінші дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады. 2023 жылдың II тоқсанында «Авиатор» стадионының аумағында (Майлин көшесі бойында) дене шынықтыру-сауықтыру орталығының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтау жоспарланған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024