Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыдағы кейбір ескі электр желілерін жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады

almaty-akshamy.kz

Алматыдағы кейбір ескі электр желілерін жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады

Кейбір желілер реконструкцияланды. Осы жылдың соңына дейін Түрксіб ауданындағы 5,5 км ескі электр желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталады. Бұл туралы Алматы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. «Осы жылдың маусым айында өткен кездесуімізде Жахангер көшесіндегі 22 үйді электрмен жабдықтау мәселесі айтылды. Қазіргі уақытта жаңа электр желісін салу жұмыстары аяқталды. Тұрғындар қалалық желілерге қосылып, үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Осы жылдың соңына дейін «Шуақты» шағынауданындағы 5,5 км ескі электр желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталады. Оның 5,3 км реконструкцияланды», - деді Ерболат Досаев. 2023 жылдың басында дәл осындай жұмыстарды «Әлмерек» (23,5 км) және «Қайрат» (55,5 км) шағын аудандарында бастауды жоспарланып отыр. «Қайрат» және «Нұршашқан» шағынаудандарында 2 400-ден астам абонентті жеткілікті үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр. Жұмыстарды 2023 жылдың маусым айында аяқтау жоспарланған», - деді Ербоат Досаев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024