Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайдың бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминь 96 жасында қайтыс болды

azattyq.org

Қытайдың бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминь 96 жасында қайтыс болды

Қытайдың бұрынғы басшысы Цзян Цзэминь 96 жасында қайтыс болды. Бұл туралы 29 қарашада Қытайдың мемлекеттік басылымдары хабарлады.Қытайдың Синхуа агенттігінің жазуынша, Цзэминь лейкемия мен ішкі органдарының жұмысының нашарлауынан қайтыс болған.Ол билікке 1989 жылғы Тяньаньмэнь алаңындағы қанды наразылықтан соң келді. Цзэминьді билікке сол кездегі Қытай басшысы Дэн Сяопин әкелген еді. Ол 1985-1989 жылдары Шанхай мэрі, 1989-2002 жылдары Қытай Компартиясының бас хатшысы, 1993-2003 жылдары Қытай төрағасы болды.Цзэминь билікке келген тұста Қытай әлемнен оқшауланған ел еді. Ал ол билікті Ху Цзиньтаоға берген тұста Қытай экономикалық өсім бойынша әлемдегі лидерлердің біріне айналды.Цзян Цзэминь билік құрған тұста, 1997 жылы, Ұлыбритания Гонконгті бейбіт жолмен Қытайға берген еді. Бұған қоса, Қытай 2001 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болды.Бұған қоса, Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара осы Цзян Цзэминь билігі тұсында (1994 жыл) нақтыланды. Құжатқа Цзэминь мен Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған.Бірақ Цзян Цзэминь 1999 жылы Фалуньгун діни сектасына мүше адамдарды қудалағаны үшін сынға қалған. Пекин Фалуньгун діни сенімін ұстанатындарды Компартияға басты қауіп деп есептейді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024