Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елена Рыбакина Алматыға келді

almaty-akshamy.kz

Елена Рыбакина Алматыға келді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Алматы қаласына келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, спортшы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Уимблдондағы табысы, сондай-ақ жаңа маусымдағы ой-жоспарымен бөлісті. «Ең алдымен мені жылы қабылдағаныңыз үшін алғысымды айтамын. Уимблдондағы жеңістен кейін Астанаға ұшып келіп, жанкүйерлеріммен кездестім. Астанадан кейін Алматыға келуім керек еді. Бірақ өзімді жайсыз сезінгендіктен, сапарымды кейінге қалдырдым. Міне, соның сәті енді туып отыр. Осында сіздермен әңгіме дүкен құрып, жас теннисшілермен шеберлік сағатын өткізуге мүмкіндік алғаныма қуаныштымын», - деді Е.Рыбакина.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024