Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ пен Өзбекстан "конструктивті саяси диалогті жалғастыра бермек"

azattyq.org

АҚШ пен Өзбекстан конструктивті саяси диалогті жалғастыра бермек

АҚШ Өзбекстанмен белсенді әрі конструктивті саяси диалог жүргізуге дайын. 29 қарашада Ташкентте Өзбекстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Фуркат Сыдықов пен АҚШ елшісі Джонатан Хеник кездесуінде осындай мәлімдеме жасалды.СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүздесуде өзбек-америка стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы сөз болған. Тараптар жоспардағы іс-шараларды, соның ішінде Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік диалогының кезекті отырысын талқылады.Сонымен бірге диалог барысында сауда мен инвестиция, инновация, ауыл шаруашылығы, энергетика және басқа да салалардағы қарым-қатынастарды нығайту жөнінде ұсыныстар қаралды.Елші Хеник АҚШ әкімшілігі Өзбекстанға қаржылай, техникалық көмек көрсете беретінін, коронавирус індетімен күресте қайтарымсыз көмегін аямайтынын айтты.Мұның алдында Ресей мемлекеттік думасының баспасөз қызметі спикер Вячеслав Володин Өзбекстанға АҚШ-пен әріптестіктің "салдары" жөнінде "ескертті" деп хабарлаған. Володиннің мәлімдеуінше, "АҚШ пен оның Еуропадағы стратегиялық әріптестері арасындағы қарым-қатынастың нәтижесі Өзбекстанға Вашингтонмен әріптестігінің салдарын бағалауға мысал болады".Дума таратқан мәліметке қарағанда, Володин Еуропа үшін мұндай "стратегиялық әріптестіктің соңы" экономикадағы проблемалармен аяқталды деген."Мұндағы адамдар дана, сауатты - мұның немен аяқталатынын түсінеді", — деген АҚШ өкілдерінің аймаққа жиі келетініне қатысты пікір білдірген дума спикері.Володиннің Өзбекстан мен АҚШ әріптестігі төңірегінде сес көрсете сөйлегені әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылардың дені спикер сөзін егемен мемлекеттің ішкі ісіне араласу деп бағалаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024